Қазақ-араб тарапы 10 келісімге қол қойды
Жамбыл облысының Мирный кентінде қуаты 1 Гигават электр станциясы салынады.
Бұдан бөлек, ел аумағында кеме жасайтын тағы бір кәсіпорын құрылуы мүмкін. Бұл жобалар Қазақ-араб іскерлік ынтымақтастығының жемісі. Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит аясында қазақ-араб тарапы бас-аяғы 10 келісімге қол қойды. Оның ішінде жасыл энергетиканы дамыту, теміржол саласы мен орман-климаттық жобалар, табиғи уран концен-траттарын тасымалдау бойынша да бірқатар бастамалар бар.