БАӘ төмен көміртекті энергетиканы дамытуға атсалысады
Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірлігі елде төмен көміртекті энергетиканы дамытуға атсалысады.
Ол үшін жалпы қуаты 10 Гигават өндіріс ошақтары салынады. Дубайдағы келелі кездесудің нәтижесі осындай. «Бұл жобалар Қазақстанның энергетика саласын жаңғыртуға мүмкіндік береді», - дейді ведомство басшысы.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Аталған корпорациямын бірлесе атқаратын жұмыстың кешенді жоспары жасалады. Бұл жаңартылған энергетика көздерінің өндірісі, көміртекті алу мен сақтау технологиясы, энергия үнемдеу мен жинау сынды бірқатар маңызды жобалар бар. Сондай-ақ кадр даярлау мен бұл бағытта ғылыми зерттеу жүргізуге де басымдық беріледі. Бұл келісім нәтижесінде отандық кәсіпорындар өз бастамаларын жүзеге асыруға тұрақты қаржылай қолдау табады.