Францияда Тоқаев пен Макронның Астанадағы кездесуі туралы мақала жарияланды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның Астанадағы кездесуі француздың әйгілі Лессансьéль журналының кезекті шығарылымында жарияланды.
«Халықаралық қатынастағы маңызды құндылық» деп аталатын мақалада Макронның Қазақстанға ресми сапары мен екі елдің даму мүмкіндіктері айтылған. Автор белгілі саясаткерлердің пікірлерін де сарапқа салған. Мәселен, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстандағы ауқымды реформаларға тоқталса, өзге де білікті мамандар экономика бағытындағы стратегиялық жоспарымен бөліскен.
Эммануэль Дюпюи, Еуропадағы талдау және қауіпсіздік институтының президенті:
- Француз БАҚ-тың Қазақстанға қызығушылық танытуы бекер емес. Олардың тараптар арасындағы қатынасты талқылауы, екі елдің мүмкіндіктерін арттыра түскендей. Тағы да атап өткім келеді, бұл сапар Франция мен Еуропаның неліктен Орталық Азиямен байланыс орнатуға ниетті екенін ұғындырды. Экономикалық бағыттағы дипломатиялық сапар деуге болады, енді мәдениет саласы бойынша қатынасты нығайту керек.