Еуразиялық интеграция. LIVE
Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен басты бағыттарын
сондай-ақ Ұйымның 2024 жылға арналған халықаралық ынтымақтастық жоспарын талқылады. Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер он жыл ішінде өзара сауданы екі еседен артық өсірді. Елдердің жалпы ішкі өнім жиынтығы 2,5 трлн долларға жетті. Бұл жөнінде Санкт-Петербургта өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте айтылды.
Гүлжан Марқабаева, тілші:
Қазір еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшылары кеңейтілген форматта еуразиялық интеграцияның әлеуетін талқылап жатыр. Айтылып жатқан сандар көп. Бір анығы, бірлестікке мүше бестік үшін биылғы жыл жаман аяқталмаған секілді, әр елдің экономикасында өсім бар. Өзара сауда да артып келеді, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер он жыл ішінде өзара сауданы екі еседен артық өсірген.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясаттанушы:
«Жақсы саудаласқан елдер бір бірімен соғыспайды. Бұл аксиома. Экономикаларымыздың жақындығы, бір-біріне тәуелділігі басқасын ескере отырып біздер соның пайдасын көруге тырысамыз дейтін мәселені бүкіл алаңдарда айтып келе жатырмыз. Және осыған ұмтылып, осының саяси тұрғыдан да басқа тұрғыдан да қамтамасыз етуге күні-түні еңбектеніп жатырмыз деп айтуға болады».
Жаңа хабарлағандай биылғы жиынның басты жаңалығы, маңызды жаңалығы – бұл Иран Ислам Республикасымен жасалған Еркін сауда аймағы туралы келісім болды. Бұл жаңа айтып өткендей, тасымалданатын тауарлардың 90% кедендік баж салығы алынып тасталады деген сөз. Бүгінгі кеңес барысында бестік басшылары жиырмадан астам мәселені талқылап жатыр. Соның бірі кадрлық өзгерістер. Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы қызметін алдағы айдан бастап Бақытжан Сағынтаев атқаратын болады. Ал Еуразиялық экономикалық одақтың төрағалығын Ресей аяқтап, тізгінді Арменияға тапсырды. Никол Пашинян ұйымды саясиландырмай, мейлінше экономикаға басымдық беретінін бүгін айтып берді.