Президент бір жылда 14 өңірді аралады

Мемлекет басшысы биыл еліміздің 14 өңіріне жұмыс сапарымен барды.

Облыстардағы өндірістік, әлеуметтік нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен, кәсіпкерлермен, зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

Коммуналдық желілер істен шығып, тұрғындар қиын жағдайға тап болған Екібастұз, Рудный, Риддер, Ақтау секілді қалалар жіті бақылауға алынып, Үкіметке шұғыл тапсырмалар жүктелді.

Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында Екібастұз жылу электр орталығында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен арнайы барып танысты.

Абай облысында болған өрт, Қарағанды шахтасындағы апат кезінде оқиға орнына жетіп, жедел штаб отырысын өткізді.

Мемлекет басшысының сапары нәтижесінде облыстардағы қордаланған мәселелерге талдау жасалып, тиісті шешімдер қабылданады.