Халықаралық қатынас нығайды
Биыл елімізде өзге мемлекеттермен байланысты нығайту үшін ондаған құжат ратификацияланды.
Бұл туралы халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің өкілдері айтты.
Президент алыс-жақын елдермен достық қарым-қатынасты күшейту, экономиканы арттыру, инвестиция тарту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтуға көңіл бөлді. Соның ішінде Қытаймен арада 30 күндік визасыз режим енгізілді. Халықаралық логистика әлеуеті де едәуір артып келеді, дейді сенат депутаттары.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
- Орта Азия және Қытай, «Бір жол – бір белдеу» бағдарламасының қабылдануы, Сиань қаласында біздің порттың салынуы, сонымен қатар Грузиядағы порттың іске қосылуы, осының бәрі сыртқы саясатымызда атқарып жатқан жұмыстарымыз. Осы бір жылдың ішінде біз 42 заңды басқа мемлекеттермен ратификация жасадық. Яғни, 42 заң деген сөз – болашақта мемлекетіміздің азаматтарына, басқа мемлекеттердің азаматтарына өзара қарым-қатынасын, достығын ұлғайтады деген сөз.