Сенатор: Көпвекторлы сыртқы саясат жалғасады
2023 жылы Парламент түрлі салада 90-нан астам Заң қабылдап, 60-тан астам келісімді бекітті.
Оның ішінде сот жүйесі, прокуратура қызметі, ТМД және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдермен іс-қимыл шеңберіндегі құжаттар да бар.
Заңсыз жолмен алынған қаражатты мемлекетке қайтару және оны қоғамдық бақылау жолға қойылды.
Көпвекторлы сыртқы саясатымыз да тұрақтылықтың кепілі болып отыр. Осының арқасында шет мемлекеттерде Қазақстанның абыройы жыл санап артуда. Сенатор Андрей Лукиннің пікірі осындай.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
- Қоғамдық тәртіп және азаматтық қорғаныс саласы да назардан тыс қалмады. Мәселен, азаматтарға заңгерлік жәрдем көрсетуге арналған "құқықтық көмек" жобасы сәтті орындалып жатыр. Барлық шара халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Көпжақты саясат бойынша мемлекеттік және шетелдік тараптармен орнаған халықаралық һәм парламентаралық ынтымақтастық жоспарға сай өтіп жатыр.