Қ. Тоқаев «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

Бұл жиынға халықаралық деңгейдегі 30-ға жуық компания өкілі келген.

Қазақ басшысы Италияның бизнес «капитандарына» Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Әлемдегі геосаяси жағдайға қарамастан, еліміз аймақтағы ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі болып отыр. Былтыр экономикалық өсімі 5,1 пайыз деңгейінде болды. Бұл – болжамды жаһандық көрсеткішке қарағанда шамамен 2 есе жоғары. Президент италиялық кәсіпкерлерге инвестициялық шаралар туралы айтты. Қалталы азаматтарға энергетика саласында жобаларды жүзеге асыруға болады деді. Бұл екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыты. Сосын Мемлекет басшысы көлік-логистика – әріптестіктің тағы бір өзекті саласы екенін атап өтті. Қазір Қазақстан өңірлік хабқа айналу үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды белсенді түрде қолға алды. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.