ҰҚШҰ құрамынан шығып кетуге де болады екен
Армения уақытша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатыспайды.
Бұл туралы республика премьер-министрі Никол Пашинян France24 телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Ол, ұйым жұмысына көңілі толмайтынын жасырмады. Сондай-ақ Баку бүгінгі Арменияны "Батыс Әзербайжан" деп санайтынын атап өтті. Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның кейбір бөлігін басып алуды жоспарлап отыр деп ойлайды.
Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына 6 мемлекет кіреді. Олар – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.