Президент Өскемендегі үстел теннисі орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өскемендегі үстел теннисі орталығына барды.
Спорт аренасында ірі жарыстар, бұқаралық шаралар мен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Сондай-ақ инваклуб, "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби дәрістер, шоудаун ұйымдастырылады. Ғимарат керек-жарақпен түгел жабдықталған. Спортшыларға арналған физиотерапия, дәрігерлік-денешынықтыру диспансері бар. Енді тәжірибе алмасып, спорттық шеберлігін шыңдау үшін Үстел теннисі академиясын құру жоспарланып отыр. Аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев орталыққа автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі. Одан бөлек «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен сөйлесті. Сондай-ақ облыс әкіміне аталған мекеменің жағдайын ерекше бақылауда ұстап, тәрбиеленушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды.