Мемлекет басшысы «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралады

Өңірді аралау барысында Мемлекет басшысы «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңына да болды.

Бұл компания жаңа технологиялар арқылы сүт өнімдерін өндіреді. Көкжиегі кең кәсіп 100-ден астам тауар шығарады. Енді өтімді ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға күш салуды көздеп отыр. Корпорацияның 4 шаруашылыққа иелік етеді. Соның ішінде сиырларды автоматты түрде сауып, жемдейтін роботты ферма да бар. Кәсіпорын өнім шығару үшін өңірдегі 22 елді мекеннен сүт жинайды. Аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшылармен әңгімелесті. Қазіргі ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық салаға айналуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ компания ұжымына табыс тіледі.