ШЫҰ байқаушылары: референдумда заңбұзушылық болған жоқ

Елдегі референдумның өту барысын байқауға Шанхай ынтымақтастық ұйымы атынан он үш байқаушы келген.

Миссия мүшелері Ақмола облысындағы бірқатар учаскенің жұмысымен танысты. Өзге де байқаушы ұйымның өкілдерімен кездесті. Қазақстанның Конституциясы мен өзге де құқықтық нормаларға сүйене отырып, байқаушы қызметін жүргізді. Олег Копылов референдумның ашық және әділ өтіп жатқанын атап өтті.   

Антон Лопатин, Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушысы:

- Орталық референдум комиссиясының жұмысына оң баға беру керек. Барлық учаске комиссиялары мен территориалдық комиссиялардың мүшелері кәсіби дайындықтарын пысықтаған. Барлық процедура, заң нормаларының сақталуын айтар болсақ, бұл жұмыстың да сәтімен жүргізілгенін айта кету керек. Ең бастысы заң мен дауыс беру процедурасында қандай да бір бұзушылық болмады.