Саясаттанушы: Қазақстан «цифрлық көшпенділер» үшін жаһандық тартылыс орталығы бола алады
Қазақстан бүкіл «цифрлық көшпенділер» үшін жаһандық тартылыс орталығы бола алады.
Белгілі ғалым, саясаттанушы Параг Ханна осындай болжам жасап отыр. Астанада «Геосаяси шиеленіс және климат өзгерістері дәуіріндегі жаңа Жібек жолдары» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды. Шараны Qalam.global мультимедиалық жобасы, Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің қолдауымен өткізіп отыр. Кездесу барысында Параг Ханна әлемдік геосаясат, демография және көші-қон модельдерінің болашағы туралы көзқарасымен бөлісті. Оның айтуынша, қазір үш аймақтың, атап айтқанда, «Батыс Азия» мен Шығанақ елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орталық Азияның арасындағы қарым-қатынас динамикасы ерекше қызығушылық тудырады.
Параг Ханна, саясаттанушы:
- Бұл мүмкіндіктер аймақтары. Соңғы жылдары оған кіретін мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынас жылдам нығайып келеді. Бұл аймақты "Жаңа Жібек жолы" деп атасақ болады. Ал әлем халқының басым бөлігі осы үшбұрыштың ішінде өмір сүреді. Қазақстан ол үшбұрыштың жоғарғы бұрышында тұр: өздеріңізді дәл осылай позициялауға кеңес берер едім.