Сенатта конституциялық бақылауды жетілдіру талқыланды
Қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру қажет.
Конституциялық бақылауды жетілдіру тетіктерін талқылауға арналған отырыста Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Жиында заңнамалық жаңашылдықтар мен осы бағыттағы бірлескен жұмыстың негізгі міндеттері талқыланды. Екі жыл ішінде Конституциялық сотқа 8 мыңнан астам арыз-шағым түсті. Тікелей конституциялық шағым институты азаматтарымызға өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қосымша мүмкіндік беріп отыр. Отырысқа қатысушылар конституциялық бақылау – конституциялық заңдылықты және Ата Заң үcтемдігін қамтамасыз етудің маңызды факторы екенін алға тартты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Президентіміз Қ.Тоқаев азаматардың негізгі құқықтарын қорғауға үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан – жаңару және жаңғыру» атты Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқталды. 2022 жылғы конституциялық реформа елдің құқықтық қорғау жүйесін жаңа сапады деңгейге көтерді. Осыған байланысты Қазақстанда құқық қорғаудың маңызды институты ретінде Конституциялық сот құрылды. Конституциялық соттың құрылуы әділетті және құқықтық мемлекет қалыптастыру жолындағы аса маңызды қадам.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Конституциялық заңдардың, нормалардың жалпы басқа да салалық заңдардың нормаларының сақталуы ондағы негізінен тікелей біздің азаматтардың құқықтарының қорғалуына қатысты. Конституциялық сотпен 53 нормативтік құқықтық актілер шығарылған. Оның бірқатары біздің контстиуциялық нормаларға қатысты қарама-қайшылықтар туындаған жағдай да анықталып отыр. ол бойынша үкіметпенен қазіргі жағдайда жұмстар жасалып жатыр.