Мәжіліс пен Үкімет мүшелері елдің көлік-логистикалық әлеуетін талқылады
Еліміз Еуразияның басты көліктік-логистикалық хабына айналуы керек. Мемлекет басшысы осыны міндеттеді.
Мәжіліс пен Үкімет мүшелері саланың даму әлеуетін талқылады. Ел аумағында бес теміржол және 8 автомобиль халықаралық көлік дәлізі бар. Былтыр ол арқылы 32 млн тонна транзиттік жүк тасымалданды. Ал жыл басынан бергі көрсеткіш 6% өскен. 2030 жылға қарай тасымалдау көлемін 74 млн тоннаға дейін ұлғайту қажет. Негізі кейінгі 10 жылда Қытай бағытындағы жүк ағыны үш есе артқан. Транзиттік құрылымдағы көрші мемлекеттің үлесі 24-тен 40% - ға дейін өсті. Ендігі басым бағыттар - Транскаспий көлік бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік халықаралық бағыт. Үш жылда Ақтау портының контейнерлік өңдеу қуатын 140-тан 550 мың контейнерге дейін арттыру көзделеді.