Президент: Мемлекет жастарды қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтауында халықаралық олимпиадалар мен беделді білім бәйгелерінде жүлделі орын алған оқушылардың жетістігін атап өтті.

Президент білімді өрендердің басқа да табыстары барын айтып, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды. «Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есеп-шотына түсті. Жүзден астам жаңа мектеп ашылды. Мемлекет білім беру және денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларын дамытуға баса мән береді және жастарға да міндетті түрде қолдау көрсетеміз», - деді Президент.