Елде «Мансап компасы» жобасы әзірленеді.LIVE
Жұмысшы мамандардың құқықтарын қорғау және мәртебесін көтеру мақсатында елде «Мансап компасы» жобасы әзірленеді.
Бұл жұмысшы мамандардың өз кәсібі бойынша сатылай өсуіне, білімін толықтыруына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау мақсатында өндіріс орындарымен бірлесіп еліміздің мектептерінде 1000 бейінді сынып ашу жоспарланған.
Ал Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады
Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған осы және өзге де шаралар тізімі Үкімет отырысында қаралды.