Түркістан облысында «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының жыл сайынғы республикалық жастар саяси лагері жұмысын бастады, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қосшы қаласында биыл іске қосылған «IL-TOV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс алаңын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Өнеркәсіп қауіпсіздігі басты назарда. Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Президент Теміртаудағы Qarmet металлургиялық комбинатының басшылығына осындай міндет жүктеді, деп хабарлайды 24KZ.
Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Нұра ауданы Шахтер ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Саран қаласындағы көлік дөңгелектерін шығаратын KamaTyresKZ зауытын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Саран қаласында тұрмыстық және электр техникасын шығаратын Silk Road Electronics кәсіпорнына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласының Пришахтинск ықшамауданында таяуда ғана ашылған «Кәусар» оқушылар сарайының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгінде Орталық Азияда мемлекеттік басқару секторы мен электрондық сауданы жаңғыртуға мүмкіндік беретін бірегей ІТ экожүйе құрылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.