Қазақстанның биатлон құрамасы Германиядағы әлем кубогі кезеңіне қатысады

8 қаңтарда Германияның Оберхоф аймағында биатлоннан кезекті әлем кубогінің кезеңі басталады.

Байрақты бәсекеге Қазақстан құрама командасы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

8 қаңтарда басталатын додаға ел құрамасы сапынан 10 биатлоншы жарыс жолына шығады.

Олар Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Сергей Сирик, Александр Мухин, Дастан Дельдеш, Данил Белецкий, Владислав Киреев Владислав, Людмила Ахатова, Галина Вишневская, Дарья Климина.

Германиядағы әлем кубогі кезеңі ерлер мен әйелдер арасындағы спринт жарысымен басталады.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда биатлоннан Қазақстан құрамасы Еуропада жаттығып жатыр. Осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін ұзақ мерзімге Еуропада қалу туралы шешім қабылданған болатын. Құрама спортшылары 20 желтоқсаннан әлем кубогі кезеңі алдында оқу-жаттығу жиындарын өткізді.