Шаңғы жарысынан әлем чемпионатында келеңсіз жағдай болды

Әлем чемпионатында келеңсіз жағдай орын алды. Дәл қазір Германияда шаңғы жарысы бойынша дүниежүзілік дода өтіп жатыр.

Кезекті жарыс күні ерлер арасындағы масс-старт болды. Жарысқа еліміз атынан Наиль Башмаков қатысып, жалпы есепте 45-орынға тұрақтады. Ал бірінші орын норвегиялық Йоханнес Клебоға бұйырған. Бірақ төрешілер оған жүлде бермеді. Өйткені мәреге бірер метр қалғанда ресейлік шаңғышының таяғын сындырды. Нәтижесінде Александр Большунов үшінші болып жетті. Қазылар алқасы болған жағдайды сарапқа салып, мәреге екінші жеткен тағы бір норвегиялық  Эмиль Иверсенге алтын, Александр Большуновқа күміс медаль берді.