Алматыда өтетін бокс кеші кейінге шегерілді

18 наурызға жоспарланған Tukeshov Boxing Promotions компаниясының бокс кеші кейінге шегерілді.

Алматыда эпидемиялогиялық жағдайдың ушығуына байланысты бокс кешінің уақыты өзгерді, деп хабарлады prosports.kz.

Бокс кеші 7 сәуірге шегерілді. Кештің басты жекпе-жегінде Берікбай Нұрымбетова (6-2-1, 1 КО) пен Нұрбол Бердімұратов (2-1) жұдырықтасады.