«Жаяу» туризм жобасының авторы Асхат Қажытай Ұлытауға барады

Ұлы мұрат жолында! Марафоншы Асхат Қажытай табан тоздырып Ұлытауға бармақ. Веломарафоншы Ернат Мелсұлының діттегені Ыбырай Алтынсариннің туған өлкесі.

Ақсораңнан аттанған желаяқ пен арнамыздың белді тілшісін қандай идеялар біріктіреді. Сапарға шығатын екеудің ойы қандай? Мұраты не? 

«Жаяу» танымдық туризм жобасының авторы Асхат Қажытай Ұлытауға барады. Мақсаты елдегі тарихи орындарды көрсетіп, этно, экотуризимді насихаттау. Бұған қоса марафоншы жолай соққан жерлерінің әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс тіршілігін де зер салмақ. Бұған дейін марафоншы Қарағандыдан шығып Арқаның ең биігі Ақсораңға дейін жаяу барған. Аралық 333 шақырым. Енді Қасиетті Ұлытауды бетке алып отыр. Бұл аралық 777 шақырым.

Асхат Қажытай, марафоншы:

- Ендігі мақсат Ұлт Ұясы ұлытауға бару. Бұл енді менің рекордтық көрсеткішім деп ойлаймын. 777 шақырым. Осы бағытта жол Жаңарқа ауданынан басталған. Өздеріңіз білесіздер Жаңарқа ауданының тарихын. Оның ішінде қазақтың ұлы тұлғасы Ақселеу Сейдімбек сияқты үлкен тұлғаларды насихаттаймын, қазақстың тағы бір әншісі Игілік Омаровтың өмірін көрсетуге, шығапмашылығын танытуға күшімді жұмсаймын. Ұлытауда тарихи тұлғалар жатыр. Көптеген тарихи ескерткіштер бар. Жошы ханның тарихи кешеніне бармақпын. Сондай сондай үлкен тарихи кешендерді осы жолым арқылы көрермендерге көрсету мақсатым.

Марафоншы жазда төрт рет саяхат жасауды жоспарлаған. Алғашқысы Ақсораң еді. Онда барып келді. Енді Ұлытаудан сапрынан кейін Нұр-Сұлтан және Қарқаралыға жаяу сапар шекпек.

Асхат Қажытай, марафоншы:

- Белгілі бір жерге барған кезде жай ғана машинамен бара салсаңыз ешкім елеңдемеуі мүмкін. Ал енді сондай жерге жаяу барсаңыз, ерекше жағдаймен барсаңыз адамдардың назары ауады. Сол мақсатта мен өзімнің туған жерімді Қарағанды облысындағы, басқа да аймақтардағы т арихи орындарды жүру арқылы насихаттағым келді.

Ел аралап, үлкен сапарларға шығып жүрген тағы бір велосаяхатшы, әоіпітесіміз Хабар 24 арнасының тілшісі Ернат Мелсұлы. Былтыр ол Абай Құнанбайұылының 175 жылдығына арнап 1088 шақырымдық Нұр-Сұлтан – Жидебай велошеруін ұйымдастырған. Ал биыл веломарафоншы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласынан Қостанай облысына дейін велосипедпен жолға шықпақ.

Ернат Қашқынов, велосаяхатшы:

- Менің ойымша, Ыбырай атамыздың 180 жылдығы тек қана Қазақстан көлемінде емес Түркі әлемінде, тіпті дүниежүзі бойынша тойлануы керек еді. ЮНЕСКО көлемінде, ТҮРКСОЙ көлемінде тойлану керек еді. 04:56 Мен осы велошеруді мақсат қылғаннан Ыбырай атамызды одан сайын тереңдеп оқи бастадым. Сол кезде көзім жетті. Осы Ыбырай атамызды біз тек қана өзіміздің қазақ тілінде ғана, өзіміздің қазақ халқы үшін насихаттамауымыз керек. Бұл кісінің идеялары әлемдік қауымдастық үшін, бизнеске, жетістікке құмар батыс әлемі бар ғой солар үшін де бұл кісінің идеялары тың болар еді.

Ернаттың Қостанай облысына сапары маусымның соңына жоспарланған. Веломарафоншыны қолдап, бірге сапарға шығуға ниет білдіріп жатқандар да бар. Жалпы екі саяхатшының да мақсаты тек ел аралап, жер көру ғана емес. Туған жердің тарихына үңіліп, зерттеп біле түссем, саналы ұрпаққа ұлттың бар жақсысын көрсетсем деген арман бар. Бір ұлт ұясы Ұлытауға беттесе, бірі ұлт ұстазы Ыбырайдың туған жеріне аяқ басып, қазақ рухын жете сезінуге ынтық. 

Ғазиза Мұхамеджанова, Жарқын Мырзахан

Сондай-ақ...