Алматыда кәсіпқой боксшыларға арналған медицина орталығы ашылды

Енді әлемдік шаршы алаңда сынға түсіп жүрген спортшылар мен кәсіпқой боксқа жаңа ғана келген жастар шетелдік мамандардың көмегіне жүгінбестен осы орталықта денсаулығын тексерте алады.

Мұнда арнайы спорттық медицина ілімін алған білікті мамандар жұмыс істейді. Орталықта бас, жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр секілді адам ағзасындағы маңызды органдардың жұмыс істеу қабілетін тексеретін заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар бар. Спортшылардың төзімділігін және жүйке жүйесіне қаншалықты зақым келгенін нақты анықтайтын қондырғылар да қойылған. Болашақта жарақат алған спортшыларды толыққанды емдейтін орталық ашу да жоспарланып отыр.

Қайрат Реимов, ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының президенті:

- Жекпе-жекте алған травмаларды зерттеу, әрбір жекпе-жекті кіші травма үлкен травмалары болады. Оны анықтау, диагностикасынан кейін дұрыс ем алу, ол міндетті түрде спорттық дәрігер көрген дұрыс. Сондықтан біздің спорт-медицина орталығының қазір боксшылардың денсаулығын зерттеу болашақта кеңейтіп оның жаңағы дұрыс емін алатын жалғастыратын жоспарымыз бар. Өйткені ол комплексті түрде болу керек.