Еуропа чемпионаты: Италия Швейцария құрамасын ойсырата жеңді

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Италия Швейцария құрамасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есеп: 3:0. Еске сала кетейік, екі команда да А тобында сынға түсіп жатыр. Матч басынан италиялықтардың басымдығы байқалып тұрды. Алғаш болып гол соққан да солар. Соның ішінде Мануэль Локателли, Чиро Иммобиле мергендік танытты. Швейцария ойыншылары тізгінді өз қолына алуға тырысқанымен, әккі қарсылас адымын аштырмады. Енді үшінші тур ойындары 20 маусымда өтеді. Бұл күні Швейцария мен Түркия, Уэльс пен Италия шеберлік байқасады.

Сондай-ақ...