Токиодағы (Жапония) жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары бүгін Олимпиадаға қытысып жатқан 18 адамнан коронавирус анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайыстың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл тізімде бір спортшы бар. Қалған 17-сі ерікті, журналист, мердігерлер мен қызметкерлер.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында осы уақытқа дейін 299 адам коронавирус жұқтырды.