Президент Токиода алтын алған Давид Дегтяревті жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде Токиода алтын жүлдеге ие болған Давид Дегтяревті жеңісімен құттықтады.

«Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын. Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін» деп жазды Мемлекет басшысы.