Қазақстандық теннисшілер Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Катар астанасы Дохада үстел теннисінен Азия біріншілігінің екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстан ерлер командасы турнирдің ширек финалына өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандықтар Бахрейн командасы 3:0 есебімен, Таиланд құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Сондай-ақ біздің команда ширек финалға шығып қоймай, 2022 жылы өтетін командалық әлем чемпионатына жолдама алды. 

Айта кетелік, Қазақстан әйелдер командасы Иран құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жетті.

Қыздар құрамасы да 2022 жылғы әлемдіік додаға қатысу мүмкіндігін алғанын естеріңізге саламыз.