Денис Никиша әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогінің бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денис Никиша 500 метр қашықтықта қола медаль жеңіп алды. Ол бұл қашықтықты 40.876 секундта жүгіріп өтті.

Алтын мен күміс медаль венгриялықтардың еншісінде кетті. Шаолин Сандор чемпиона атанса, Джон Генри Крюгер күміске ие болды.

Айта кетейік, Бейжіңдегі бәсекеде сәл ертеректе Әділ Ғалиахметов 1500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанды.