Кукушкин Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында ATP рейтингісінде 141-орында тұрған португалиялық теннисші Эрнесто Эскобедоны жеңді. Екі сағат 56 минутқа созылған аса тартысты кездесу 6:4, 5:7, 7:5 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, бұған дейін Тимофей Скатов та негізгі кезеңге өткен еді.