Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шыға алмады

Андрей Голубев германиялық Александр Зверевпен бірге жартылай финалда америкалықтар Джон Изнер-Джек Сокпен күш сынасты.

Америкалық жұп 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттай уақытқа созылған матчта қазақстандық-германиялық жұп 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады. Қарсыластары 7 эйс, 3 брейкпен көзге түсті. Осылайша өз спорттық жолында алғаш рет мастерс турнирінің жартылай финалына шыққан А.Голубев одан әрі аса алмады.