Көкпар мен аударыспақ: ел чемпионатына 300-ден астам спортшы қатысуда

Додаға еліміздің 17 өңірінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс 10 күнге созылады. Осы ойындардың нәтижесінде ұлттық құрама шабандоздарын іріктеу көзделіп отыр. Үздік шығып көзге түскендері қыркүйек айында өтетін халықаралық Көшпенділер бәскесінде ел намысын қорғайды.

Құрманбек Тұрғанбек, «Әулиеата» командасының шабуылшысы:

- Бірінші ойында үштікте жүрген Атырау құрамасын 7:2 есебімен жеңдік. Алда Түркістан, Қызылорда облысы бар. Соларға қайта дайындықты жинап шығуға дайындаламыз. Бұл алда келе жатқан жарыстарға керек тәжірибе алмасу.

Мұхтар Имашев, ҚР ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті:

- Елімізден 15 команда жиналды. Алтауы жоғары лига. Тоғызы бірінші лигадан. Ойын керемет өтіп жатыр. Жылдағы финалға шығып жүретін Әулиеата мен Түркістан облысы еді. Енді биыл сақадай сайланып келген командаларды көріп отырмыз.

Сондай-ақ...