Қарағандыда белтемірге тартылудан жарыс өтті

Қарағандыда белтемірге тартылудан жарыс өтті

Қарағандыда тұрғындар арасында белтемірге тартылудан жарыс өтіп, шамамен 460-қа жуық адам күш сынасты.

Қатысушылардың ең үлкені 70-ке жақындаса, кішісі 6 жаста. Тіпті арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Сайыс жасына, салмағына қарай 9 санат бойынша өтті. Ең жоғары көрсеткіш 50-ге жетіп, рекорд жаңарды.

Айта кетейік, турнир еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылады. Әр өңірден 27 жеңімпаз іріктеліп, Елордада өтетін республикалық жарыста бақ сынайды. Жүлде қоры 54 миллион теңге. Ал одан жеңіп шыққандар Финляндияда өтетін әлемдік додаға жолдама алады.

Айлин Аманбаева, турнирге қатысушы:

- Мен жарысқа көп дайындалдым. Әкем бағыңды сынап көр деп ұсыныс жасаған соң, барымды салдым. Нәтиже жаман емес, өзіммен жастылар арасында топ жардым.