Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

Ел үздіктері Атырауға жиналды. Күні кеше дзюдодан жылдың қорытынды жарысы Қазақстан чемпионаты басталды.

Алғашқы күні 4 салмақтағы жеңімпаздар анықталды. Айта кету керек, ұлттық құрама сапындағы Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова бұл жолы ішкі біріншілікке  қатыспады. Сонымен, әйелдер арасында ең жеңіл салмақта алматылық Ғалия Тыныбаева қарсылас шақ келтірмеді. Ал 52 келіде Италияда өткен сұлулық байқауының жеңімпазы Әйгерім Әбілқадырова топ жарды. Ол финалда ақмолалық Толғанай Әбеуованы ұтты. Үздік үштікті Маңғыстау мен Қызылорда спортшылары түйіндеді. Ерлер арасында 60 келіде жергілікті Қанат Сейілхан чемпион болды. Ал 66 келіде ақтөбелік Есет Қуанов барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, алтын жүлде еншіледі. Күміс Маңғыстау, ал қола Атырау дзюдошыларына бұйырды. Қазақстан чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады.