Головкин мен Фалькао кездесуі мүмкін

Головкин бірер айдан кейін рингке оралады.

Ол алдағы жылдың наурыз айында IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті қорғауы керек. Бұл жөнінде бразилиялық боксшы Эскива Фалькао мәлімедеді. "Жекпе-жек наурыз айының соңында өтеді. Бұл халықаралық бокс федерациясы белгілеген соңғы мерзім. Мен өзіме өте сенімдімін және барымды саламын", - деді Фалькао. Айта кетейік,ол қазір орта салмақтағы IBF рейтингінде 1-ші орында тұр және чемпиондық белдікке негізгі үміткер саналады. Эскива бүгінге дейін 30 жекпе-жек өткізіп, 30-ында да жеңіске жетті. Тіпті, 20-сын нокаутпен аяқтады. Фалькао жақын арада Головкинмен жекпе-жекке дайындық үшін АҚШ-қа баратынын да жеткізді. Ал, қазақстандық боксшы тарапынан әзірге ресми мәлімеме жасалмады. Геннадий Головкин кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізді. Ең соңғысы қыркүйек айында мексикалық Саулы Альвареске қарсы болды. Головкин-Канело арасындағы үшінші жекпе-жекте жерлесіміз жеңіліп қалды.

Дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды

Дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды. Израильдің Иерусалим қаласында Masters турнирі мәресіне жетті. Әлемнің ең үздік спортшылары бас қосқан жарысқа еліміз атынан 13 дзюдошы қатысқан. Бірақ, ешқайсысы жүлдеге іліге алмады. Байрақты бәсекенің соңғы, яғни, үшінші күні ауыр және аса ауыр салмақтағы белдесулер өтті. 100 келіге дейінгілер арасында қазақстандық  Нұрлыхан Шархан алғашқы айналымда жергілікті Петер Пальчиктен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Әйелдер арасында 78 келідегі Аруна Жангелдина да бірінші кезеңнен аса алмады. Ал аса ауыр салмқатағы Камила Берліқаш екінші айналымда француз қызына жол берді. 90 келідегі Дидар Хамза да екінші айналымға шықты. Бірақ өзбекстандық Давлат Бабоновқа есе жіберіп, ширек финалға өте алмады. Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде ғана спортшыларымыз салыстырмалы түрде сәтті өнер көрсетті. Әсіресе ең жеңіл сақмақтағы Абиба Әбужақынова іріктеу кезеңінде Чили, Бельгия және АҚШ спортшыларын айқын басымдықпен ұтып, қола жүлде үшін белдескен болатын. Соңғы сында ғана қарсыласынан ұтылды. Ал ұлттық құрама үздігі Елдос Сметовқа оңтүстік кореялық дзюдошыдан жеңіліп, жарысты жалғастыра алмады. 

Елордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Ел үздіктері анықталып жатыр. Елордада бүгін үшінші күн мәнерлеп сырғанаудан жылдың қорытынды жарысы Қазақстан чемпионаты өтуде. Биылғы бәсекеге 80-ге жуық спортшы жиналды. Олардың арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров, әлемдік гран-придің қола жүлдегері Рахат Бралин,  сондай-ақ халықаралық жарыстарда топ жарып жүргон Анна Левковец, София Фарафонова, Диас Жиренбаев, Олег Мельников және  Артур Смағұлов сияқты өрендер бар. Мәнерлеп сырғанау шеберлері 2 жас деңгейі бойынша, яғни, жасөспірімдер арасында бөлек ересектер арасында бөлек чемпиондық атақты сарапқа салады. Айта кету керек, бұл жолы төрешілер құрама толықтай жаңартылып, спортшылар өнерін бағалауға шетелдік мамандар тартылды. Бастама жарыстың барынша ашық және әдік өтуіне мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар. Жарыс қысқа және еркін бағдарлама бойынша өтеді. Нәтижесінде ұлттық құрама жасқаталдып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды.

Сондай-ақ...