Елена Рыбакина Австралия ашық біріншілігінің жұптық жарысында жеңіліп қалды
Орыс қызы Анастасия Павлюченкомен жұп құраған жерлесіміз 1/8 финалда жапон қыздары Сюко Аояма - Ена Шибахараға есе жіберді.
Бұл кездесуде Рыбакина жұбы жеңіске жетеді дегендер көп еді. Алайда Қазақстандық теннисші жекелей сынға күш салатын секілді. Елена спорттық мансабында бірінші рет жасыл құрлықтағы үлкен шлем жарысының ширек финалына шыққаны белгілі. Осы нәтижесінің арқасында ол әлемдік рейтингте бірден тоғыз саты алға жылжып, 16-шы орынға көтерілді. Енді Рыбакина Австралия ашық біріншілігінің жартылай финалдық жолдамасын Латвиялық Елена Остапенкомен сарапқа салады. Матч ертең өтеді.