Қысқы Универсиада жеңімпаздары елге оралды
Таңға жуық елорда әуежайына Қазақстандық биатлоншылар қонды.
Мерген шаңғышылар Лейк-Плэсид универсиадасында сәтті өнер көрсетті. Олар АҚШ-та екі алтын, бір қола медаль ұтып алды. Бекентай Тұрлыбеков пен Вадим Куралес қысқы универсиада чемпионы атанып, ел мерейін үстем етті. Александр Мухин үшінші орыннан көрінді. Биатлоншылардың бір тобын елордада жанкүйерлер мен мамандар құрметпен қарсы алды. Жалпы Лейк-Плэсид универсиадасында Қазақстан студенттер құрамасы 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдеге қол жеткізді.
Вадим Куралес, қысқы Универсиада чемпионы:
- Мені қолдап, күтіп алған жұртқа рахмет айтамын. Маған қолдау білдірген олимпиадалық даярлау орталығына алғысымды білдіремін. Спорт дирекциясы да тамаша мүмкіндік жасады. Соның арқасында осындай айтулы жарыста көзге түстік. бәріне ризамыз.