К.Малиновский әлем кубогының жүлдегері

К.Малиновский әлем кубогының жүлдегері

Жерлесіміз әлем кубогында топ жарды. Индонезияда сұрмергендер сайысы өтіп жатыр.

Жарыстың алғашқы күні пневматикалық винтовкадан нысананы көздеу бәсекесі болды. Ерлер арасындағы сында ел намысын Константин Малиновский қорғаған еді. Алматылық спортшы барлық мүмкіндігін сәтті пайдаланып, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.  Бірінші орын жапон спортшысына бұйырды. Үздік үштікті Швеция өкілі түйіндеді. Джакарта қаласындағы жарыс 7-ші ақпанға дейін жалғасады. Сәйкесінше, ел қоржынындағы медаль саны арта түсуі мүмкін. Байрақты бәсекеге бас-аяғы 15 спортшымыз аттанды. Әлем Кубогының қорытындысы бойынша үздік нәтиже тіркеген спортшыларға рейтинтік ұпайлар беріледі. Дәл осы көрсеткіш кейін Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады.

Сондай-ақ...