Теннистен Қазақстан-Чили кездесуіне дайындық басталады
Қазақстан Чилимен жолығады. Бірер күннен кейін теннистен ерлер арасындағы командалық әлем чемпионаты Дэвис Кубогі басталады.
Іріктеу кезеңінде жерлестеріміз оңтүістікамерикалық құрамамен жолығады. Осы мақсатта Юрий Щукин баптайтын жігіттер қазір Ла-Серена қаласына жетіп, жарыс алдындағы дайындықты пысықтауда. Ұлттық құрама сапына Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Александр Бубликтер шақыртылды. Алғашқы кездесу 4 ақпанда өтеді. Яғни алдымен қос бірдей жекелей сын болады. Ал 5 ақпанда жұптық бәсеке ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Жеңіске жеткен тарап Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады. Айта кету керек, іріктеу кезеңі топырақ төсеніште өтеді. Бұл жергілікті спортшылар үшін ыңғайды. Ал қазақстандық жігіттерге қолайсыз болуы мүмкін дейді мамандар. Бірақ, ел намысын қорған спортшылар бұл пікірмен келіспейді.
Александр Бублик, ұлттық құрама мүшесі:
- Жаттығу жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Алаңдағы төсеніш негізгі рөлді атқарады деп айта алмаймын. Ең бастысы - физикалық және психологялық дайындық. Қазір бабымыз жақсы. Жігіттердің көңіл-күйі де керемет. Алдағы мачтарда барымызды салып, ел үмітін ақтауға тырысамыз.