Қазақстан футзал құрамасы топ басына шықты
Еуропа чемпионатына бір табан жақындадық.
Футзалдан Қазақстан құрамасы негізгі іріктеу кезеңі аясында соңғы матчын өткізді. Рикардо Кака баптайтын жігіттер бұл жолы Словения құрамасымен жолықты. Марибор қаласындағы матч 3:3 есебмен аяқталды. Өкініштісі сол, жерлстіміз алғаш болып есеп ашты, тіпті 3:1 нәтижесімен алға да шыққан. Яғни 6-минутта Альберт Ақбалықов мергендігімен көзге түссе, кейін Дәурен Тұрсагұлов пен Тайнан есеп айырмасын ұлғайтты. Бірақ алаң иелері ойын соңына дейін таразы басын теңестірудің амалын тапты. Десе де, бұл нәтиже турнир тізіміндегі жағдайды өзгерте алмады. Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен бірінші орнын сақтап қалды. Словения 7 ұпаймен ұпаймен екінші тұр. Ал бір де бір ұпай еншілей алмаған Черногория ең соңғы сатыда. Нәтижесінде, Қазақстан енді іріктеудің элиталы кезеңіне өтті. Оның жеребе тарту рәсімі 5 маусымда болады. Ұлттық құрама жігіттері осы жетістігін тағы да қайталай алса, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысады.
ЕУРО-2024: іріктеу кезеңіне дайындық
32 футболшы шақырту алды. Оның 4-еуі шетелде доп тебеді. Футболдан Қазақстан құрамасы құрлықтық доданың іріктеуіне кешенді дайындықты бастайды. Бас бапкер Магомед Адиев ел намысны қорғайтын жігітттердің тізімін жасақтап, жаттығу жиынына шақырды. Олардың арасында Ресейдің Зенит клубында ойнайтын Нұралы Әліп, ЦСКА сапындағы Бақтиер Зайнутдинов, «Химки» сапындағы Лев Скворцов , бұған қоса, Бельгияның «Моленбегінде» өнер көрсететін Ян Вороговскийлер бар. Бұған қоса Абат Айымбетов, Асхат Тағыберген, Рамазан Оразов, Бауыржан Исламхан сиқяты ұлттық құраманың үздіктері де тізімге ілікті. Жаттығу жиыны 16-шы наурызда басталады. Артынша, олар 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуі аясындағы 2 матчқа қатысады. Яғни, 23 наурыз күні Словениямен, 26 наурыз күні Даниямен жолығады. Қос мачта да елордадағы Астана Арена стадионында болады.
«Бавария» ширек финалға шықты
Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі жалғасып жатыр және жарыстың кезекті жанкүйерлері тағатсыздана күткен мачт болды. Мюнхендік «Бавария» өз алаңында париждік «ПСЖ» командасын қабылдады. Айта кетейік, Францияда өткен алғашқы мачта «Бавария» 1:0 есбемен жеңіске жеткен болатын. Қарымта кездесуде де германиялық клуб ойыншылары басымдықты өз қолдарына алып, 61-минутта есеп ашты. Голың авторы - Эрик-Максим Шупо-Мотинг. Матч соңына қарай «Бавария» сапындағы Серж Гнабри де мергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын ұлғайтты. Бұған қоса қосымша уақытта Садио Мане мүмкіндігін сәтті пайдаланып, қарсыластар қақпасының осал тұсын тапқан. Бірақ бұл гол футболшының ойыннан тыс қалуына байланысты есепке алынбады. Қалай болғанда да «Бавария» сенімді түрде келесі кезеңге өтті. Қос ойын қорытындысы бойынша есеп - 3:0. Ал құрамына Месси мен Мбаппе сияқты кіл мықтыларды жинаған франциялық команда жарыс жолынан шығып қалды.
«Милан» мен «Тоттенхэм» тең түсті
«Милан» мен «Тоттенхэм» тең түсті. УЕФА чемпиондар лигасы аясында қос мықты Лондон қаласында жолықты. Айта кетейік, алғашқы мачта 1:0 есбімен италиялық клуб жеңген болатын. «Тоттенхэм» ойыншылары өз алаңындағы қарымта мачта да қарсыластардың осал тұсын таба алмады. Тіпті керісінше екінші кезеңде қонақтар шабуылға ден қойып, алаң иелерінің қақпасына біраз қауіп төіндірді. Ал 77 минутта «Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Кристиан Ромеро ойын ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бірақ бұл ойын тағдырына еш әсер еткен жоқ. Қорытынды есеп: 0:0. 1 ғана гол айырмасымен «Милан» келесі кезеңге жолдама алды. Ал «Тоттенхэм» үшін жарыс осымен аяқталды. Еске сала кетейік, бұның алдында Челси мен Бенфика клубтары да ширек финалға шыққан болатын.