Жас шахматшылар Алматыда бас қосты

Елде шахматқа деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді.

Оған Алматыда өтіп жатқан ел біріншілігі дәлел. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық біріншілікке Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңнан астам үміткер келіпті. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш,-дейді ұйымдастырушылар.  Әзірге классикалық шахматтан жүлделі орындар сарапқа салынып жатыр.  Одан кейін жас шахматшылар рапид пен блицте бақ сынайды. Биылғы жарыстың ұтыс қоры да қомақты. Ол 13 миллион 500 мың теңгеге тең. Қазір 8 турдан кейін 8 жастағы өрендер арасында Әміржан Әнетов пен Ризат Ұлан топ бастап келеді. Ал қыздар арасында 6 жастағы Айша Бисалиева алда тұр. Жарыс жеңімпаздары 30 наурыз күні белгілі болады. Ел чемпионы атанғандар Италияда өтетін әлем чемпионатына барады. Ал екінші орын алғандар Азия біріншілігіне қатысады.  

Алма Әшірова , жарыс директоры:

- Шахмат қазір Қазақстанда өте жақсы дамып келе жатыр. Қолдау көрсетіліп жатыр. Сондықтан көптеген бала қазір шахматқа көңілдерін бөліп көбірек, көп үйренгісі келетін балалар келіп жатыр. Чемпионатқа да, шахматқа да келіп жатыр.  Сондықтан мен ойлаймын тағы да көптеген  бала осы чемпионаттан кейін көптеген таланттарымыз  бүкіл әлемге де аттары шығады деп сенемін.