Петропавлдағы стадион UEFA талаптарына сай жөнделеді
Петропалдағы «Қарасай» стадионы UEFA талаптарына сай етіп жөнделеді.
Ол үшін жергілікті бюджеттен әзірге 1,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Қажетті құрал-жабдықтармен құрылыс материалдары сатып алынды. Жұмыстар осы айда басталады деп жоспарланып отыр. Өткен ғасырдың елуінші жылдары салынған спорт нысаны әбден ескірген. Сол себепті жергілікті футболшылар Қазақстан Чемпионатының алғашқы ойындарын еліміздің өзге қалаларында өткізуге мәжбүр.
Сергей Мелехов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
- Мердігер анықталып, келісімшарт жасалды. Ойын алаңы жылытылатын болады. Бұдан бөлек жарық шамдармен электронды таблоны ауыстырамыз. Дыбыстық жабдықтар тағы бар. Сәтін салса, тамыз айының соңғы ойындары осы стадионда өтетін болады. Жалпы айта кету қазір біздің «Қызылжар» командасы ел біріншілігінде топ бастап келе жатыр.