Асу Алмабаев UFC-мен келісім-шартқа отырды
Қазақстандық Асу Алмабаев UFC ұйымымен келісімге келді.
Жақын арада оны танымал лигадан көруіміз мүмкін. Бұл жөнінде телеграмм арналар жарыса жариялап жатыр. Бірақ әзірге ресми ақпарат жоқ және келісім-шарттың тетіктері де белгісіз.
Алда 120 раундтық спарринг бар. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекгін дайындығын көрсетіп, жоспарларымен бөлісті. «Біртіндеп әзірлікті бастадым. 13 мамырда қазақ стилін көрсетем» деді ол әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында. Қазақстандық кәсіпқой боксшы бір айдан кейін канадалық Стивен Батлермен жолығады. Бұл жөнінде Top Rank промоутерлік компаниясы ресми түрде мәлімдеді. Жекпе-жек кеші АҚШ-тың Калифорния штатында, нақтырақ айтсақ, Стоктон қаласында өтеді. Стивен Батлер қазір 27 жаста және бүгінге дейін 36 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның 32-сінде жеңіске жетті. Тпті 26-сын уақытынан бұрын аяқтады. Жәнібектің көрсеткіші 13 жекп-жек, 13 жеңіс. Осының арқасында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Бұл атақты былтыр жекпе-жексіз алған еді. Артынша Жәнібек АҚШ төрінде британдық Дензель Бентлиді жеңіп, белдікке лайық екенін дәлелдеді.
Бибісара Асаубаева екінші орында
Бибісара екініші орында. Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында шахматтан әйелдер арасындағы гран-при мәресіне жетті. Әлемдік аламанға ең үздік деген 12 спортшы шақырту алып, айналмалы жүйеде бір-бірімен ойнап шыққан болатын. Соңғы турда 3 бірдей фаворит болды. Яғни қазақстандық Бибісара Асаубаева, ресейлік Александра Горячкина және қытайлық Жу Цзинер бірдей ұпай жинап, бас жүлдені сарапқа салған Нәтижесінде үшеуі де соңғы турде кездесулерін тең аяқтап, жалпы тізімде бірдей ұпай тіркеді. Ал қосымша көрсеткіштер бойынша Александра Горячкина алға шықты. Екінші орынға қазақ қызы тұрақтады. Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы енді 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды да бірдей бөліседі. Ал әлемдік Гран-придің шешуші, яғни 4-кезеңі тура бір айдан кейін Кипр астанасы Никосияда болады. Оған шақырту алған 12 шахматшының арасында Бибісара да бар. Айта кетейік, Нью-Дели қаласындағы бәсекеге тағы бір қазақстандық Жансая Әбдімәлік те қатысуы керек еді. Бірақ, ол қабылдаушы тараптың жұмысына көңілі толмай, елге қайтып оралды.
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі
Ел үздіктері Талдықорғанға жиналды. Бұнда жасөспірімдер арасындағы жылдың негізгі бәсекесі Қазақстан чемпионеаты басталды. Оған бас-аяғы 19 команда, яғни 300-ге жуық спортшы қатысуда. Айта кету керек, Ұлытау облысында ғана әзірге ауыр атлетика бөлімі жоқ. Қалған аймақтар түгелдей өз құрамаларын әкелді. Бұған қоса ішкі біріншілікте Азия және Әлем чемпионаттарында топ жарып жүрген спортшыларымыз да бағын сынап жатыр. Мәселен, жуырда ғана Албанияның Дуррес қаласында дүниежүзілік дода өтіп, қос бірдей жерлесіміз топ жарған болатын. Соның бірі орта салмқатағы Ерасыл Сәулебеков енді ел чемпионатында да өнер көрсетеді. Бұл жағдай спортшылардың шеберлігін одан сайын шыңдап, бәсекелестікті арттытуға жақсы мүмкіндік дейді мамандар.
Меңдіхан Тәпсірұлы, ауыр атлеткадан мемлекеттік жаттықтырушы:
- Бұл бізде дәстүрлі деп айтуға да болады. Өйткені біздің спортшыларымыз көптеген жылдар бойы осындай нәтижеге қол жеткізіп келе жатыр. Жалпы алғанда көңіл толықтырады. Себебі қазақ ауыр атлетикасының мектебі өте мықты Қазақстанда, дәстүрлі. Барлық өңірде жақсы дамып жатыр. Жоғары қарқында деп айтуға болады.