Елордада күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді
Елордада 9-14 сәуір аралығында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді.
Додаға 24 елден 300-ден аса спортшы келеді. Бозкілемде бақ сынауға әлемге әйгілі чемпиондары келеді. Жарысты алдымен грек-рим палуандары бастайды. Содан кейінгі кезекте әйелдер күресі тұр. Еркін күрес сайыстың соңғы күндерінде өтеді. Жалпы бәсекеге ел атынан 30 спортшы қатысады.
Айгүл Бектенова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
- Азия чемпионатының бірінші орын алғандарға 2300 доллар, екінші орынға 1400 доллар, үшінші орын алған спортшыға 900 доллар сыйақы қарастырылған. Мұндай сыйақылар жатттықтырушыға да беріледі. Сонымен қатар халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атақ қарастырылған.