«Реал» «Челсиді» жеңді
Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының кезекті жарыс күні тартысқа толы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әсіресе ширек финал аясында мадридтік және лондондық клубтар қарымта матч өткізген еді. Англиядағы ойын қонақтардың айқын басымдығымен аяқталды. Кездесу барысында 2 гол соғылды. Алдымен Родриго 58-ші минутта есеп ашты. Ал 80-ші минутта дәл осы Родриго дубльдің авторы атанып, таблодағы нәтижені еселеді. Қорытынды есеп: 2:0. «Сантьяго Бернабеу» стадионындағы алғашқы матчта да дәл осындай нәтиже тіркелген еді. Сәйкесінше «Реал» сенімді түрде жартылай финалға шықты.
Айта кету керек, мадридтік клуб ең бірінші боп жолдаманы жеңіп алып отыр. Артынша Италияның қос мықтысы Милан мен Наполи жолығып, кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Ал алғашқы матчта миландық клуб жеңіске жеткен еді. Соған сәйкес жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал Наполи жарыс жолынан шығып қалды.