Қазақстандық шахматшы қыз төрт дүркін әлем чемпионын жеңді
17 жасар жерлесіміз Меруерт Қамалиденова шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы Хоу Ифаньды жеңді.
Астанада өткен турнирдің соңғы күні еліміз үшін олжалы болды. Қытайлық спортшыны күні кеше Бибісара Асаубаева екі мәрте ұтқан еді. Айта кетейік, 3 күн қатарынан өткен додада Қазақстанның ең мықты деген спортшылары әлемнің айтулы шахматшыларына қарсы ойнады. Жарқын жеңістерге қарамастан біздің шахматшылар әлемдік гроссмейстерлерден 55:73 есебімен ұтылды.