Астанада Kazakhstan Chess Cup ашылды

Осы күндері әлем елдерінің шахмат сүйер қауымы назарын Қазақстанға аударды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер жаһаннан үздік гросмейстерлер мен кейінгі уақытта шеберлігімен көзге түсіп жүрген шахматшылар Астанадағы халықаралық турнирге жиналды. Жас айырмашылығы шектеусіз 180 ойыншыны жинаған Kazakhstan Chess Cup 1 аптаға жалғасады. Ал бүгінгі ресми ашылу рәсімінде Халықаралық шахмат федерациясының бас директоры Эмиль Сутовский қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұйымдастырушылар турнирдің жүлде қоры 23 млн теңге екенін айтты. Үздік шахматшы атағы үшін қазақстандық Денис Махнев, ФИДЕ атынан Александр Рахманов, израильдік Тамир Набати, америкалық Тимур Гареев, украиналық Виталий Сивук және басқа да шеберлер бақ сынйды.

Гүлмира Дәулетова, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры:

- Ең атышулы ойыншы ол Ханс Ниман болып табылады. Рейтингісі 2700 кезінде ол Карлсонмен де ойнаған еді. Әлемге әйгілі америкалық шахматшы болып табылады. Әйелдер арасында біздің мықты қыздарымыз бар, атышулы Алуа Нұрманова және және ұлдарымыз да ойнайын деп жатыр. Көптеген талантты жастарымыз ойнайды және Қазақстан құрама командасының ересектер арасындағы жігіттеріміз де ойнайды.