Дин Лижэнь шахматтан әлем чемпионы атанды

Қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь ресейлік Ян Непомнящийден басым түсіп, шахматтан әлем чемпионы атанды.

Екі спортшы арасында өткен классикалық 14 партиядан кейін есеп тең шыққан еді. Бұдан кейін жылдам шахмат бойынша қосымша 4 партия белгіленген. Оның үшеуінде қос гроссмейстер тең түссе, соңғысында қыстайлық спортшы жеңіске жетті. Осылайша Дин Лижэнь шахматтан 17-ші әлем чемпионы атанып отыр. Бұған дейін Қытайда кілең қыздар ғана әлем чемпионы болған еді. Енді алғаш рет ер адам жаһан жеңімпазы атағын иеленді.

Айта кету керек, шахматтан әлем чепионы үшін матч Астанада сәуірдің 7-сі күні басталған. Әлем чемпионын марапаттау салтанаты ертең, яғни 1-ші мамыр күні өтеді.