Атырауда самбодан ашық Азия кубогі өтіп жатыр
Атырауда жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған самбодан ашық Азия Кубогі өтіп жатыр.
Дүбірлі додада Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Монғолияның спортшылары бақ сынауда. Біздің елдің намысын 60 палуан қорғайды. Кешегі сайыс қазақстандық самбошылар үшін табысты болды. 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен отандастарымыз үшеуінде таза жеңіске жетті. Бүгін қалған 30 бала боз кілемге шығып жатыр. Әзірге спортшыларымыздың аяқ алысы жаман емес. Қошқарбай Табынбаев - қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші болған. Оның шәкірттері тек облыс көлемінде ғана емес, ел бірішіліктерінде, әлем чемпионаттарында талай топ жарды.
Қайрат Мұратұлы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы:
- Жеңіске жектен спортшыларға бұйырса, «спорт шеберлігіне үміткер» атағы беріледі-біріншіден. Бір салмақта 6 спортшыдан қатысуда құрама командамен бірге. Жәнен 2025 жылы Ташкентте өтетін Азия ойындары тұңғыш рет өтеді, осы жылдар бойынша. Бұл сол жарысқа адйындық былайша айтқанда.