Хоккей: Қазақстан Словакиямен ойнайды
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты енді қызды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Б тобында бәсекелестік жоғары. Чехия Словениямен айдынға шығып, тарысты өткен матчта жеңісті жұлып алды. Словения хоккейшілері ойынды жақсы бастаған. Алғашқы 20 минутта 2 шайба соғып алға шыққан. Алайда үзілістен кейін чехтар басымдықты өз қолдарына алды. Айналасы 7 минутта Словения қақпасынан 3 мәрте саңлау тауып, ойын тағдырын өзгертіп жіберді. Айдындағы басымдықты беріп қойған Словения ойыншылары сынып қалды. Чехия қатарынан 6 шайба соғып, матчқа нүкте қойды. Қорытынды есеп: 6:2. Чехияның Словенияны жеңгені Қазақстанға жақсы болды. Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері турнир кестесінде орнын сақтап қалды.
Қазір біздің жігіттер 7-ші орында тұр. Бүгін Қазақстан әлем чемпионатындағы кезекті шешуші ойынын өткізеді. Қарсылас – Словакия құрамасы. Матч Астана уақытымен түнгі 23:30-да басталады.