Еуро-2024: Қазақстан Финляндиядан ұтылды

Ұлттық құрама есе жіберді.

Кешкісін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан мен Финляндия құрамалары кездесті. Астана қаласындағы матч аса тартысты болды және 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды қонақтар сапындағы Оливер Антман соқты. Ол 78-ші минутта мергендігімен көзге түсті. Ал жерлестеріміз қанша тырысқанымен, ойын соңына дейін таразы басын теңестіре алмады.

Осылайша, Магомед Әлиев баптайтын жігіттер 9 ұпаймен топтағы екінші орнын әзірге сақтап қалды. Ал Финляндия құрамасы 12 ұпаймен сенімді түрде топ басына шықты. Бірер күннен кейін іріктеу матчтары қайта жалғасады. Оның аясында Қазақстан енді тағы да өз алаңында Солтүстік Ирландияны қабылдайды. Матч 10 қыркүйекте өтеді.